CберБанк Қазақстан клиенттері барлық сервис пен қызметтерге толық көлемде қол жеткізе алады
CберБанк Қазақстан клиенттері барлық сервис пен қызметтерге толық көлемде қол жеткізе алады
277
оқылды

CберБанк Қазақстан («Сбербанк» АҚ ЕБ) өз жұмысын штаттық тәртіпте жалғастырады және клиенттері мен серіктестерінің алдындағы міндеттемелерін орындайды. Клиенттер (жеке және заңды тұлғалар) қаражаттары мен сервистерге бұрынғыдай толық көлемде қол жеткізе алады. Сондай-ақ клиенттер теңгеде және шетел валютасында есеп жүргізіп, ақша аударымдарын жасай алады.

Бүгінде жеке тұлғалар үшін шоттардан ақша алу, толықтыру, тауарлар мен қызмет ақысын төлеу, ұлттық және шетел валютасында ақша аудару, валюта айырбастау операциялары қолжетімді. VISA және MasterCard-ты қосқанда, барлық төлем жүйелерінің пластикалық карталары бойынша жасалатын операциялар әдеттегідей жүргізіледі. Клиенттер СберБанк қызметін бөлімшелерде, сондай-ақ Sber KZ және СберБизнес мобильді қосымшаларында онлайн түрде және басқа да қызмет көрсету каналдары арқылы ала алады.
Естеріңізге салсақ, «Сбербанк» АҚ ЕБ депозиттерді міндетті түрде кепілдендіру жүйесінің қатысушысы болып табылады. Салымшылардың жинақ ақшасын Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры сақтандырады. Депозиттер, ағымдағы шоттардағы және төлем карталарындағы ақша кепілдендірілуі тиіс.
Сонымен қатар өтінімі мақұлданған клиенттер несие ала алады. CберБанк Қазақстан – жүйелік маңызы бар екінші деңгейдегі банк, оның көп жылдар бойғы жұмысы сенімділігін растап келеді. Қазірде СберБанк барлық негізгі көрсеткіштер бойынша көшбасшылық позициясын ұстап тұр әрі Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің арасында активтердің көлемі бойынша екінші орында. «Сбербанк» АҚ ЕБ қазақстандық банк және Қазақстан Республикасы заңнамасының аясында қызмет етеді, орын алған геополитикалық жағдайда қалыпты жұмыс істеу үшін барлық қажетті ресурстары, тәжірибесі мен сараптамасы бар. СберБанктің клиенттері тауарлар мен қызмет ақысын өздерінің, сондай-ақ серіктестік төлем сервистерінің көмегімен еркін төлеуді жалғастыруда. Олардың барлығы штаттық тәртіпте, кедергісіз жұмыс жасап тұр. Сонымен бірге операцияларды Apple Pay, Google Pay, Samsung Pay және SberPay арқылы жүргізуге болады.

Банк ақпаратты тексеруге және тек ресми дереккөздеріне сенуге шақырады. СберБанк барлық өзгерістер туралы банктің ресми каналдары арқылы хабарлап отырады.