Доллардың 2 наурызға арналған ресми бағамы бекітілді
Доллардың 2 наурызға арналған ресми бағамы бекітілді
Фото ©REUTERS
327
оқылды
Қазақстанның Ұлттық банкі доллардың 2 наурызға арналған ресми бағамын бекітті.  Сәрсенбіде доллар бағамы 487,75 теңге болады. Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 1 наурызда 495,00 теңге деңгейінде бекіткен болатын. Бүгін күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 7,25 теңгеге төмендеп,  487,75 теңгені құрады. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде долларды 487,26 теңгеге сатып алып, 492,84 теңгеге сатып жатыр. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау пунктерінде орта есеппен 486,09 теңгеге сатып алып,  491,48 теңгеге сатып жатыр.