10 өңірде ескерту жарияланды
10 өңірде ескерту жарияланды
© inform.kz
173
оқылды
«Қазгидромет» РМК 3 наурыз күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.  Нұр-Сұлтан қаласын түнде және таңертең тұман басады. Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с артады. Атырау облысының солтүстігінде, батысында және орталығында тұман болады. Күндіз батысы мен орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с құрайды. Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман болжанады. Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Қостанай облысының оңтүстігінде, солтүстігінде тұман болады. 3-4 наурыз аралығында қатты жауын-шашыннын болжануына байланысты Алматы облысының таулы аудандарында ағынды су жүруі және өзендерде су деңгейінің көтерілуі болжанады. Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ, солтүстігінде тұман болжанады. Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігі мен орталығында тұман күтіледі.