Амманда(Иордания)жастарменжасөспірімдерарасындабокстан2022жылғыАзиячемпионатыбасталды,ондақазақстандықбоксшыларөнеркөрсетіп жатыр.
Қазақстан құрамасының атынан рингке бірінші болып Бексұлтан Боранбек шықты. 1/8 финалдың 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жекпе-жегінде ол тәжікстандық Мердж Суфиджоновпен кездесті.
Жекпе-жек Боранбектің жеңісімен аяқталды: ол үшінші раундта қарсыласын техникалық нокаутқа түсірді. Бұған дейін Суфиджонов нокдаунға да түскен, – деп жазады Sports.kz. Осылайша, Бексұлтан Боранбек жасөспірімдер біріншілігінің ширек финалына шықты, онда Кувейт боксшысы Джабер Алотайбимен кездеседі.