Ресей мен Украина қақтығысында ешкімді қолдамаймыз – Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары
Ресей мен Украина қақтығысында ешкімді қолдамаймыз – Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары
Фото: А.Ахметқазы
352
оқылды

Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов Ресей мен Украина қақтығысы туралы пікір білдірді, – деп жазады Tengrinews.kz.

«Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ. Біз тараптардың ешқайсысын қолдамаймыз. Бұл тұрғыда сұрақ туындауы мүмкін емес», – деді Сұлтан Камалетдинов.
Камалетдиновтің айтуынша, Қазақстандағы бейбітшілік, халықтың қауіпсіздігі әрдайым басты назарда.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украинаның президентімен телефон арқылы сөйлескенін жариялаған болатынбыз.