Президент жаңадан тағайындалған Бас прокурорға Қаңтар оқиғасын мұқият тергеуді тапсырды
Президент жаңадан тағайындалған Бас прокурорға Қаңтар оқиғасын мұқият тергеуді тапсырды
Фото: akorda.kz
360
оқылды

Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған Бас прокурорды таныстырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураның басшылық құрамымен бейнебайланыс арқылы кеңес өткізіп, жаңадан тағайындалған Бас прокурор Берік Асыловты таныстырды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президент бұрынғы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовке атқарған жұмысы үшін ризашылығын білдіріп, оның жаңа қызметіне табыс тіледі.   [caption id="attachment_186527" align="aligncenter" width="1200"] width= Фото: akorda.kz[/caption] Мемлекет басшысы қоғамның басты талабы заңдардың қатаң сақталуы екеніне тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қазір прокуратура органдарына жүктелген ең үлкен міндет – Қаңтар оқиғасына қатысты жағдайларды мұқият әрі жан-жақты тергеп-тексеру. Президент кеңесте тергеп-тексеру жұмыстары барысында заңдылықты қамтамасыз етіп, азаматтардың құқықтарын сақтау қажет екеніне назар аударды.
Сонымен қатар кінәлі адамдарға қатысты жауапкершілік шараларын қабылдай отырып, расталған әрбір хабарламаға дер кезінде мән беруді, тергеу барысы жөнінде халыққа уақытылы ақпарат таратуды тапсырды. Сондай-ақ Бас прокуратураға ескірген тәсілдерден арылып, антигуманистік қатынастарға қатысты жауапкершілікті күшейтетін ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.

Президенттің айтуынша, саладағы жұмысты ілгерілету үшін қоғамның қолдауына ие болатын жаңа идеялар мен әдіс-тәсілдер, жаңаша ойлайтын мамандар қажет.