Медицина қызметкерлеріне бұрын берілген санаттар үшін қосымша ақылар қайтарылады
Медицина қызметкерлеріне бұрын берілген санаттар үшін қосымша ақылар қайтарылады
364
оқылды
Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін медицина қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын есептеуді қамтамасыз ету мақсатында 2020-2022 жылдарға арналған салалық келісімге қосымша қол қойды.
4 наурызда ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният салалық кәсіподақ ұйымының басшыларымен және Ұлттық денсаулық сақтау палатасымен бірлесіп, бұрын берілген біліктілік санаттары куәліктерінің қолданылу мерзімінің аяқталуына қарамастан (жоғары, бірінші, екінші), 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін медицина қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын есептеуді қамтамасыз ету мақсатында 2020-2022 жылдарға арналған салалық келісімге қосымша қол қойды.
"Денсаулық сақтау субъектілеріндегі қызметкерлердің (медицина және фармацевтика қызметкерлерін қоспағанда) жалақысын олардың белгіленген лауазымдық айлықақыларының мөлшеріне түзету коэффициенттерін қолдана отырып төлеу қамтамасыз етілсін: 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,23 мөлшерінде", – делінген құжатта.
ҚР ДСМ, "AQNIET" қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы және ҰДП арасындағы салалық келісім әлеуметтік әріптестіктің негізгі құқықтық актісі болуда.