Аидова алдыңғы ондықта
Аидова алдыңғы ондықта
379
оқылды
Бейжің Олимпиадасының аяқталғанына көп бола қойған жоқ. Ал конькишілер кезекті жарысқа кірісті. Қазір Норвегияның Хамаре қаласында конькимен жүгіруден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қатысушылар арасында жерлестеріміз де бар. Ең тәуір көрсеткішке Екатерина Аидова қол жеткізді. Ол 500 метрлік бәсекеде 7-сатыға тұрақтады. Ал онымен жұп құраған Фемке Кок алтын жүлдегер атанды. Нидерландтық спортшы 500 метрді 37,78 секундта бағындырды. Аидова нәтижесі 0,67 секунд­қа кем. Үздік үштікті Аустрия мен Польша өкілдері түйіндеді. Ерлер арасында қазақстандық Денис Кузин қос қашық­тықта өнер көрсетті. 500 метрде 21-орын, ал 1 000 метрде 18-орын алды. Нор­вегиядағы дода 7 наурызға дейін жалғасады.