Украинадан Молдоваға қашып барған өзбек азаматтары елге қайта алмай жүр
Украинадан Молдоваға қашып барған өзбек азаматтары елге қайта алмай жүр
Сурет: depositphotos.com
219
оқылды

Өзбекстан сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, Украинадан Молдоваға өткен 200-ге жуық өзбекстандықты елге жеткізу мәселесі кейінірек қарастырылады.

"Молдава тарапы ел аумағына өткен босқындарға гуманитарлық көмек көрсетеді. Оларды орналастырады, тамақтандырады, басқа да қажетті көмегін береді", - делінген министрлік мәліметінде.
Сол себепті Молдоваға өтуге мәжбүр болған өзбекстандықтарды репатриациялау мәселесі "кейінірек қарастырылады". Министрлік Украинадан Польшаға өткен өзбек азаматтарын елге жеткізу мәселесі бірінші кезекте қаралатынын хабарлады. Мәліметтерге қарағанда, 28 ақпаннан бері Украинадан Польшаға өткен азаматтарды елге жеткізу үшін жеті арнайы рейс жасалды. 1 186 азамат Өзбекстанға оралды.