Қазақстанда екі айда 40 шенеунік ұсталды
Қазақстанда екі айда 40 шенеунік ұсталды
314
оқылды

Қазақстанда екі айдың ішінде сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар 40 шенеунік ұсталған. Араларында жоғары лауазымды тұлғалар да бар, - деп хабарлайды КТК арнасы

Пара алған, бюджет қаржысын жымқырған ақжағалылардың кім екенін Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа төрағасы жеткізді. Бұл Олжас Бектеновтің антикор басшысы ретінде алғаш рет президентпен кездесуі. Жылдың басталғанына екі ай болса да, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі біраз істі тындырғандай. Олжас Бектеновтің президентке берген мәліметіне сәйкес, қаңтар мен ақпан айларында 240 адам, оның ішінде республикалық және облыстық деңгейдегі 40 басшы сыбайлас жемқорлық дауына ілігіпті. Шенеуніктердің кім, қай облыстан екені және жемқорлықтың қай түрі бойынша қылмысқа тартылғаны нақтыланбады. Бірақ, лауазымдары белгілі. Бір вице-министр, бір қала әкімі, 11 облыстық басқарма жетекшісінің қылмысын Антикор әшкерелепті. Келтірілген шығынның орнын толтыру үшін күдіктілердің құны 5 миллиард 400 миллион теңге болатын мүлкіне тыйым салынған.