1 сәуірден бастап зейнетақы қорында қалуы тиіс жеткілікті шектің сомасы өзгереді
1 сәуірден бастап зейнетақы қорында қалуы тиіс жеткілікті шектің сомасы өзгереді
472
оқылды
1 сәуірден бастап, қорда қалуы тиіс жеткілікті шектің сомасы өзгереді. Ал қаражатты шешіп алуға екі апта уақыт қалды. Жасы 25-тегілер үшін наурыздың соңына дейін шотта 2 млн 90 мың теңге қалуы тиіс, қалғанын шешіп алуға болады, сәуірден бастап бұл шек 3 млн 730 мың теңгеге дейін көтеріледі. 35 жастағылардың шекті сомасы 2 млн 940 мыңнан 5 миллионға көтерілсе, 45 жастағылар 3 млн 930 мыңнан 6,5 млн теңгеге көтеріледі. 55 жастағы тұрғындардікі 5 миллионнан 8 миллион теңгеден асып жығылады. 2022 жылдан бастап зейнетақы жинағының жеткілікті шегінің артатыны туралы хабарланған болатын.