Украина Ресеймен Қырым мәселесін талқылауға келісті – БАҚ
Украина Ресеймен Қырым мәселесін талқылауға келісті – БАҚ
438
оқылды
Украина президенті Владимир Зеленский Қырымды, КХДР және ЛПР-ны мойындау бойынша Ресеймен диалог жүргізуге келісті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлады. Владимир Зеленский осы аймақтарда халықтың қалай өмір сүретінін талқылап, ымыраға келуі мүмкіндігін жасырмады. Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков егер Киев белгіленген шарттарды орындаса, РФ Украинадағы арнайы операцияны "бір сәтте" тоқтата алатынын мәлімдеген еді.