Директор сабаққа кешіккен оқушыларды мектепке кіргізбей қойған (видео)
Директор сабаққа кешіккен оқушыларды мектепке кіргізбей қойған (видео)
©exk.
426
оқылды

Алматыдағы №15 мектеп-гимназияның директоры сабаққа кешіккендерді мектепке кіргізбей қойды. Оқушылар 1 сағат бойы далада тұрған.  Топ оқушының мектеп сыртында тұрған видеосы Instagram-дағы krispi_almaty парақшасында жарияланды. Бұл жайында Экспресс басылымы жазды.

Бейнежазбаға байланысты қолданушылар түрлі пікір қалдырды. Ал ғаламторда тарап кеткен бейнежазбаға қатысты №15 мектеп-гимназияның директоры Бұлбұл Расбекқызы мұндай қадамға оқушыларды тәртіпке келтіру үшін барғанын жеткізді.