Қазақстан Украинаға қандай гуманитарлық көмек көрсететіні белгілі болды
Қазақстан Украинаға қандай гуманитарлық көмек көрсететіні белгілі болды
362
оқылды

Премьер-министрдің баспасөз қызметі Қазақстан Украинаға қандай нақты көмек көрсететінін айтты.

Ведомствоныі хабаралауынша, гуманитарлық қызмет Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясының маңызды бағыты. Біздің еліміз әртүрлі жағдайларға байланысты халқы қиын жағдайға тап болған елдерге мүмкіндігінше қолдау көрсетуге тырысады. Қазақстан дәстүрлі түрде басқа мемлекет тарапынан ресми үндеуге жауап ретінде гуманитарлық көмек көрсетеді. Украина тарапынан осындай өтініш түскен соң Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина халқына шұғыл гуманитарлық көмек көрсету жөнінде нақты тапсырма берді.
"Үкімет жанындағы халықаралық гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі комиссия Украинаға жалпы құны 2 251 445 доллар болатын 25 дәрі-дәрмек түрінен партия бөлу туралы шешім қабылдады. Гуманитарлық көмектің салмағы - 82 тонна. Бүгінде бұл жүкті межелі жерге жеткізу мәселесі пысықталып жатыр", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Үкімет басшысының баспасөз қызметі бүгінде Украина аумағына жүктерді жеткізу қауіпсіздік жағынан қиын екенін айтты.
"Осыған байланысты Қазақстан Үкіметі Украинаға халықаралық гуманитарлық көмек алу және тарату үшін хабтар орналастырылған көрші мемлекеттермен келіседі", - делінген хабарламада.