Украина: перзентханаға әуе шабуылы жасалды
Украина: перзентханаға әуе шабуылы жасалды
©kubantv.ru
388
оқылды

Украинадағы қақтығыс күн өткен сайын өршіп барады. Мариуполь қаласындағы перзентхана әуе шабуылының астында қалып, 17 адам ауыр жарақат алды. Бұл жайында «Хабар 24» хабарлады.

Зардап шеккендердің арасында дәрігерлер мен жүкті әйелдер де бар. Жергілікті билік жарақат алғандардың саны әлі де өзгеруі мүмкін дейді.  Әскерилер мен полиция қызметкерлері ауруханадағыларды шұғыл өзге жерге эвакуациялады. Ел президенті Владимир Зеленский Twitter-дегі парақшасында Мариупольдегі шабуылды «айуандық» деп, қирандылар астында балалар да болғанын айтты. – Әуе шабуылынан перзентхананың түгі қалмады. Қазір жарақат алғандарға көмек көрсетіп жатырмыз. Оларды қауіпсіз жерге эвакуациялау керек. Ресейлік басқыншылар өте ауыр қылмыс жасады. Мариуполь шаһарының қақ ортасын жермен жексен етті. Перзентхананың тас-талқанын шығарды. Әйелдер мен балалар зардап шекті. Бұл – әскери қылмыс, – дейді ол. Қазір қала коммуникациядан үзілген. Аймақта өмір сүру мүмкін емес. Ал ел президенті Владимир Зеленский Батыс елдерін Украинаның әуе кеңістігін шұғыл «ұшпайтын аймақ» етуді талап етіп отыр. https://www.youtube.com/watch?v=DQTtgFnfd9k