«Оператор РОП» компаниясы 20 млрд теңгені заңсыз аударған
«Оператор РОП» компаниясы 20 млрд теңгені заңсыз аударған
©inbusiness.kz
428
оқылды

Бұл туралы «Время» газеті жазған болатын. Құқық қорғау органдарының  мәліметінше, «Оператор РОП» 5 жыл бойы утильалыммен айналысып келген екен. Олар Қарағандыдағы автомобиль утилизациясымен айналысатын зауытқа 20 миллиардтан астам теңгені заңсыз аударған.

Қарағандыдағы автомобиль утилизациясымен айналысатын компания “Recycling Company” ЖШС деп аталған. «Оператор РОП» ЖШС ол компанияға 20 млрд теңгені бес жыл ішінде аударып отырған. Ал утилизация жасау бағасы өте жоғары көрсетілген, бұл өз кезегінде ақша жымқыруға оңтайлы болған. «Оператор РОП» ЖШС ісі бойынша бірнеше адам қамауға алынғаны мәлім. Солардың бірі – Светлана Коротенко, Украина азаматы. Ол 2016-2019 жылдар аралығына «Оператор РОП» ЖШС-ны басқарған. Ең қызығы, Светлана Коротенко оған дейін шығармашылық жұмыспен айналысып, Ақан Сатаев түсірген «Анаға жол» фильмінің продюсері болған. Қаңтар оқиғасынан кейін  президент Тоқаев «Оператор РОП» ЖШС жұмысы туралы айтқан соң, компания ісі тексеруге алынған болатын.