Мектеп оқушылары қоғамдық көлікте тегін жүретін болды
Мектеп оқушылары қоғамдық көлікте тегін жүретін болды
©syr-media.kz
1,144
оқылды

Осындай бастама Павлодар облысын дамытудың іс-қимыл бағдарламасына енді. Өңір тұрғындарының  талап-тілектерінің негізінде дайындалған бағдарламада Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларындағы мектептерінде оқитын 1-11 сынып оқушыларының автобус, шағын автобус пен трамвайларда ақысыз жүруі қарастырылған.

Бұған дейін 7-15 жас аралығындағы балалар жолақысының жартысын, яғни 40 теңге төлеп келген еді. 15 жастан асқан соң  80 теңге төлеуге міндеттелді. Ал мамыр айынан бастап балалар мектеп бітіргенге дейін қоғамдық көліктерде тегін қатынайтын болды. Тек ол үшін "Avtobys" көлік картасын алып жүруі тиіс. Оны валидаторға тигізсе болғны. Егер көлік картасы болмаса, 40 теңге төлеуге тура келеді. Павлодар облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қанат Қашкировтің сөзінше, оқушылардың жол жүру ақысын тасымалдаушы компанияларға өтеу үшін облыстық бюджеттен 679 млн теңге қарастырылып отыр. Демек, балалардың жолақысын енді мемлекет өзі өтейді. Қазір тиісті құжаттарға өзгерістер енгізілуде. Содан соң мамыр айынан бастап балалар автобустар мен трамвайларда билет сатып алмай жүре алады екен.