Көкшетауда ер адам әйелдер мейрамында өзін-өзі өлтірмек болды
Көкшетауда ер адам әйелдер мейрамында өзін-өзі өлтірмек болды
©inform.kz
652
оқылды

Көкшетауда 8 наурыз әйелдер мейрамында ер адам өзін-өзі өлтірмек болды. Ол төрт қабатты үйдің төбесінен секіріп кетпек болған.

Бұл туралы Көкшетау қаласының полиция басқармасы хабарлады. Қырық жастағы ер адам отбасындағы қиын жағдайларға байланысты өз өмірімен қоштаспақ болыпты. Суицид жасамақ болған жігітті қалалық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері өз өмірлерін қауіпке тіге отырып құтқарып қалды. «8 наурыз күні кешкі сағат бестер шамасында 102 телефонына Пушкин көшесі 9 үйдің подъезінде мас күйде тұрған ер адам туралы телефон хабарламасы түсті. Ол өз-өзіне қол жұмсайтынын айтып айқайлаған. Оқиға орнына дереу «Әскер-4» авто патрулі аттанды. Тәртіп сақшылары оны төрт қабатты үйдің шатырының шетінде тұрған жерінен тапты. Ол отбасындағы жағдайларды айтып өзін-өзі мерт қылатынын айтқан», - дейді Көкшетау қалалық полиция басқармасынан. Тәртіп сақшыларының жедел әрекет етуінің нәтижесінде полицейлер оның көңілін аударып, шатырдан түсіріп алды. Қырық жастағы азамат Ақмола облысының наркологиялық диспансерімен куәландырылып, Көкшетау қалалық кезекші жедел тергеу тобымен әріқарай тексеруге жіберілді.