Еліміздегі газ тасымалдау инфрақұрылымы жаңартылмақ
Еліміздегі газ тасымалдау инфрақұрылымы жаңартылмақ
©www.inform.kz
252
оқылды

Ақорданың хабарлауынша, бүгін Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық газ компаниясының қазіргі жұмысы туралы және ішкі нарықты тауарлы газбен қамтамасыз етуге басымдық беру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы баяндалды. Санжар Жаркешов газ саласын дамытудың кешенді жоспарымен таныстырып, ресурстық базаны кеңейтуді және еліміздегі газ тасымалдау инфрақұрылымын жаңғыртуды көздейтіні жеткізді. Мемлекет басшысына сатып алу жүйесінің ашықтық деңгейін арттыру жөнінде берген тапсырмаларының орындалу барысы, сондай-ақ ұлттық компанияның кадр саясатындағы өзгерістер жөнінде ақпарат берілді. Кездесу қорытындысы бойынша Президент ұсынылған шешімдерді қолдап, толық аудит ұйымдастыру және компания қызметіндегі транспаренттілікті қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырма берді.