5 облыста ескерту жарияланды
5 облыста ескерту жарияланды
Фото: Inform.kz
237
оқылды
Қазақстанның бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 12 наурызда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с, Ақтөбеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с-ке жетеді. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында жел екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Қарағанды облысының оңтүстік-батысында тұман, көктайғақ, солтүстікте бұрқасын болуы ықтимал. Шығыс, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Қызылорда облысының басым бөлігінде күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігінде көктайғақ болады. Облыс орталығында тұман түседі. Қызылордада тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде боран соғады. Облыстың батысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.