20 миллиард теңгені жымқырған
20 миллиард теңгені жымқырған
292
оқылды
«ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарлауынша, «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы бас директоры 20 миллиард теңгеден астам сомадағы ақшалай қаражатты жымқыру фактісі бойынша тергеліп жатыр. Ол бұл қаражатты 2016-2021 жылдар аралығында көлік құралдарын кәдеге жаратудың жоғары құнын белгілеу арқылы тапқан. Айта кету керек, бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Экология вице-министрі мен «ӨКМ Операторы» ЖШС басқарма төрағасы ұсталған еді.