"Асыл армандағы" 3 мың оқушы басқа елді мекендерге қатынап оқуға мәжбүр
"Асыл армандағы" 3 мың оқушы басқа елді мекендерге қатынап оқуға мәжбүр
Сурет Қаскелең қаласының сайтынан алынды
564
оқылды

Іргелі ауылдық округіне қарайтын "Асыл арман" ТК тұрғындары үшін мектеп – ең басты мәселе. 30 мыңдай адам қоныстанған кешенде орта білім беретін мектеп жоқ. Сондықтан мұндағы 3 мыңнан астам оқушы қала мен жақын маңдағы ауылдарға барып білім алуға мәжбүр, - деп хабарлады "Хабар 24".

Тұрғын үй жанында салына бастаған мектеп құрылысы мүлдем тоқтап қалған. Соған орай, такси жалдау ата-аналар үшін қосымша шығын болып отыр. Бұған қоса қалаға немесе көрші ауылдардағы мектептерге балаларын апарып оқыту өте қолайсыз. "Асыл арманға" ең жақыны – Кемертоған ауылындағы орта мектеп. Бірақ 1 200 оқушыға лайықталып салынған білім шаңырағында қазір 4 мыңға жуық бала 3 ауысымда оқып жатыр.
"Бізге қазір "Асыл арманнан" 956 оқушы келеді. Оның ішінде 656 бала тасымалға жатады. Екі автобус оқушыларды күніне 6 рейстен тасымалдайды. Қалған оқушылар ата-аналардың көмегімен келіп қатынап оқып отыр", – дейді Кемертоған орта мектебі  директорының міндетін атқарушы Халида Атабаева.
Екі жыл бұрын "Асыл арманда" жаңа мектеп салу үшін 6 гектар жер бөлінген. Ал 1 200 оқушыға арналған орта мектептің құрылысы былтыр тұрғын үй кешенінің іргесінде басталған. Айналасы қоршалып, қазандық қазылғаннан кейін құрылыс тоқтаған. Қашан жалғасары белгісіз. Іргелі ауылдық округі әкімдігі мамандарының айтуынша, мектептің толықтай бітуіне "Advento" ЖШС жауапты.
 width=
"Асыл арман" ТК жанында салынуы тиіс мектеп жобасы. Сурет Қаскелең қаласының сайтынан алынды
"Құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты баға 2-3 есеге қымбаттап кетті. Сол себепті жобаны қайта санау жұмыстары жүргізілуде. Қазір құрылыс тоқтап тұр. Жобаны қайта санау жұмыстары аяқталғаннан кейін нақты құрылыс жұмыстары жалғастырылады", – дейді Іргелі ауылдық округі әкімінің орынбасары Өміржан Апсаматов.
Қазір құрылыс компаниясы, аудандық әкімдік және Білім және ғылым министрлігі арасында мектептің құрылысын жалғастыру жөнінде үшжақты келіссөз жүргізілуде. Жалпы, іргелі ауылдық округінде 3 мектеп болса, мектеп жасындағы бала саны 720