«Адам басына 2 келіден беріліп жатыр» – Өскемендегі қант тапшылығына байланысты құзырлы орындар не дейді?
«Адам басына 2 келіден беріліп жатыр» – Өскемендегі қант тапшылығына байланысты құзырлы орындар не дейді?
291
оқылды
Өскемендегі базарлар мен дүкендерде қант тапшылығы байқалуда. Қала тұрғындары кейбір жерлерде қанттың бір келісі 500 теңгеге жеткенін айтуда.
«Шынында да, қантқа сұраныс жоғары болып тұр. Қалада қант таусылған жоқ, дүкендерде күнделікті түскен қант сол күні сатылып кетіп жатыр. Тұрақтандыру қорының дүңгіршектерінде әлеуметтік қанттың бір келісінің бағасы - 305 теңге» дейді Өскемен қалалық кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары Олжас Құдайбергенов.
«Ертіс» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы өкілдері қант қоры жеткілікті екенін, алайда қазір Тұрақтандыру қорының дүңгіршектерінде қант адам басына 2 келіден ғана беріліп жатқанын хабарлады.

Азамат Қасым, Шығыс Қазақстан облысы