Қайталама нарықтағы үйлер күрт қымбаттады
Қайталама нарықтағы үйлер күрт қымбаттады
Сурет: gov.kz
275
оқылды

2022 жылдың ақпан айында тұрғын үйді сатып алу-сатудың тіркелген мәмілелерінің саны 46 577-ні құрады және 2022 жылғы қаңтармен (33 365) салыстырғанда 39,6% артты, - деп хабарлайды naryk.kz сайты. 

2022 жылғы қаңтар-ақпанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны алдынғы жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 17,8% артқан. Бір жылда (2022 жылғы ақпан 2021 жылғы ақпанға) пәтерлерді қайта сату бағалары – 24,5%, жаңа тұрғын үйлерді сату 14,6% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 2022 жылғы ақпанда 2021 жылғы ақпанмен салыстырғанда 19,1% жоғары болды.   Бір айда (2022 жылғы ақпан 2022 жылғы қаңтарға) пәтерлерді қайта сату бағаларына өсу қарқыны 2021 жылғы ақпанда 3,1%-дан 2022 жылғы ақпанда 5,5% байқалды. Жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары бір айда 0,4% өсті, бұл 2021 жылғы ақпаннан 0,8 пайыздық тармаққа төмен, абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі – тиісінше 0,6% және 1 пайыздық тармаққа.