Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады
Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады
©inbusiness.kz
361
оқылды

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Facebook әлеуметтік желісінде қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады.

– Баршаңызды Амал мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Амал – жаңа жылдың жаршысы, әз-Наурыздың басы. Бүгінде бұл күн елдің береке-бірлігін арттыратын, ізгілік пен мейірімділік сияқты игі құндылықтарды дәріптейтін жалпыұлттық мейрамға айналды. Соңғы жылдарда Ұлыстың ұлы күнін дәл осы мерекеден бастап атап өтуіміз соның жарқын көрінісі.
Қазіргі таңда Наурыз мейрамының мазмұнын одан әрі байыта түсуге баса мән беріліп жатқаны белгілі. Бұл үрдістің «Жаңа Қазақстан» құру жолында да маңызы зор. Себебі, елдік мұрат пен ұлттық мүдде қашанда бәрінен биік тұрады. Сондықтан тарихи сананы жаңғыртуға септігін тигізетін осындай салт-дәстүріміз әрдайым айрықша мәнге ие.
Шын мәнінде, бұл – қыстан аман шыққан ағайынның арқа-жарқа болып, көрісіп, күлімдесетін күні. Жанға шуақ сыйлайтын осынау мерекемен құттықтай отырып, әр шаңыраққа шаттық, амандық және бақ-береке тілеймін. Амал құтты болсын, ағайын!, – деп жазды ол парақшасында.