Енді балабақшаға бейнекамера қою міндеттеледі – Асхат Аймағамбетов
Енді балабақшаға бейнекамера қою міндеттеледі – Асхат Аймағамбетов
©24.kz
576
оқылды

2011 жылы балаларды балабақшамен қамту көлемін арттыру мақсатында бейнебақылаулар алынған. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Еуразия» бірінші арнасының «Айна» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Министрдің айтуынша, шағын бизнес, балабақшаларды көбейту керек, оған ешқандай кедергі болмау керек деген принциптің салдарынан мекемелердің талабы төмендетілген.  Енді ол жаңа бұйрыққа қол қоятынын ескертті. – «Бұл біздің бизнесіміз» деп жекеменшік балабақшалар мұнымен келіспей жатыр. Әрине, бұл бизнестің дамығанын қолдаймыз, бірақ біз бір мәселені түсінуіміз керек. Бізге не керек? Бізге балалардың сапалы білім, сапалы тәрбие алғаны керек. Балалар қауіпсіз ортада өмір сүруі тиіс. Сондықтан біз бәрін түсінеміз, бірақ талаптарды қатайтамыз. Барлық балабақшаларда міндетті түрде бейнекамера болуы керек», – деді Асхат Аймағамбетов. Министр өткен жылдың соңында балабақшаларға тексеру жүргізу қайта қолға алынғанын атады. Нәтижесінде балабақшалардың 80 пайызы тексерістен өте алмаған.