Қазақстандық оқушыларға жаңа платформа әзірленді
Қазақстандық оқушыларға жаңа платформа әзірленді
550
оқылды
Қазақстанда алғаш рет «Алматыкітап баспасы» оқушыларға ыңғайлы болуы үшін үш баспаның 86 электронды оқулығын бір платформада жинады. TopIQ.kz платформасы 2020-2022 оқу жылында аймақтарда сынамадан сәтті өтті. Осы кезеңде платформаға 2 миллионнан аса қолданушы кірген. Бүгінгі таңда 200 мыңнан астам оқушы электронды оқулықтар арқылы жүйелі түрде білім алуда. Бұл туралы TopIQ.kz платформасының тұсаукесерінде айтылды. – Біздің платформада мемлекеттік білім беру бағдарламасы аясындағы бірегей интерактивті және мультимедиалық материалдар біріктірілген. Электрондық оқулықтар жеке оқушымен немесе оқушылар тобымен тек сынып қабырғасында ғана емес, басқа да жерлерде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Электронды оқулық қолдануға ыңғайлы: оқушы оны экскурсияда, жолда, спорттық жиындар кезінде қолайлы және оңай пайдалана береді. Айтпақшы, TopIQ.kz платформасын кез-келген құрылғыда, кез-келген уақытта, ыңғайлы қарқынмен пайдалануға болады, – деді «Алматыкітап баспасы» басшысы Элеонора Баталова. Екі жыл бойы тәжірибе жүзінде бұл электронды оқулықтарымен дәріс берген көптеген мұғалім оқулықтың әртүрлі форматтары мен платформадағы материалдардың алуан түрлілігінің арқасында оқушылардың оқу үлгерімінің артқанын мәлімдеді. Өскелең ұрпақ үшін ең маңыздысы да осы ғой.