Шығысқазақстандық азамат 18 жыл бойы өлі деп саналған ұлын тапты
Шығысқазақстандық азамат 18 жыл бойы өлі деп саналған ұлын тапты
©astanatv.kz
242
оқылды

«Астана» арнасының хабарлауынша, 18 жылдан кейін әкесі мен ұлының табысуына кездейсоқ жағдай өз септігін тигізді.

Негізі Константин Гусьев балалар үйінде өскен. Сол себепті де оның әке-шешесіз жоқ, жетім деп саналған. «Адам жоспарлайды, Алла шешеді» демекші, жақында жас жігіт 2 жылға шартты түрде сотталды. Сөйтіп, ол пробация қызметінің есебіне алынды. Олар жігіттің тұрғылықты жерін өзгертпек болып, дерекқордан оның туысын таппақ болады. Нәтижесінде, Константиннің тегіне ұқсас азамат табылады. Сөйтсе, ол жас жігіттің әкесі екен. Есімі – Игорь Гусьев, Шығыс қазақстан облысы, Глубоков ауданынның тұрғыны. Қызығы ол ұлын өлі деп санаған. Оның айтуынша, осыдан 18 жыл бұрын ұзақ іссапарда болған. Үйіне келгенде ағайын-туыстары келіншегінің кетіп қалғанын, ал 12 жастағы ұлының оқыс жағдайда қаза тапқанын естірткен. – Басында әйелімді де, баламды да іздеп таппақ болдым. Бірақ ұлымның қазасын естіген соң, бәріне қолымды сілтедім, іздемедім, – дейді Игорь Гусьев. Сөйтсе, анасы ауылдан кетпек болып, баласын жетімдер үйіне апарып тастаған. Константин сонда білім алып, мектебін бітірген. Тіпті, жиһаз жасайтын мамандықты алды. – Бастысы ұлым табылды. Жолындағы қиындықты да еңсереміз. Жергілікті әкімдікте жұмыс істеймін. Ұлымның жұмысқа тұрып, қалыпты өмір сүруіне көмектесемін, – дейді баланың әкесі. «Өмірде мені жақсы көретін адамдар бар» деген Константин әкесін тапқанына қуанышты. https://www.youtube.com/watch?v=XiTFrZKa384