Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауын жариялайды
Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауын жариялайды
©zhaikpress.kz
620
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына Жолдау жолдайды. Бұл туралы «БОРТ N1» тelegram-каналы хабарлады.

«Президенттің бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылмақ. Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-де республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі. Сондай-ақ жиыннан жедел хабар таратады» делінген хабарламада.