Мал ұрлағандардың жазасы ауыр
Мал ұрлағандардың жазасы ауыр
450
оқылды
Соңғы бес жылда елімізде мал ұрлығы 32 пайызға азайған. Бұл жайында ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Шалқаров мәлімдеді. 2017 жылдан 2021 жылға дейін мал ұрлығы оқиғалары 35 пайызға (6,3 мыңнан 2,2 мыңға дейін) азайды, оның ішінде ұрланған мал саны екі есеге – 20 мыңнан 9 мыңға дейін азайған. «Биыл да мал ұрлығы төмендеуінің оң үрдісі сақталып отыр, мал ұрлығы 32,7 пайызға төмендеді, бұл ретте ұрланған малдың 44,1 пайызы қайтарылды, яғни 1 300 малдың 573-і табылды. Мал иесі – әкімдік – малшы арасында үшжақты шарт жасалып, GPS-трекерлер  қолданылып, мал басын міндетті түрде таңбалау қажет және сақтандыру құралдарын пайдаланған жөн. Қазір мал басын сақтандыру қолжетімді, ол малдың аурудан, өрттен, жазатайым оқиғалардан, табиғи апаттардан және ұрлықтан, өлуінен, жоғалуынан сақтандыруды қарастырады», – деді ­С.Шал­қа­ров.