Атыраудағы атыс: басына оқ тиген жігіт хал үстінде жатыр
Атыраудағы атыс: басына оқ тиген жігіт хал үстінде жатыр
©tengrinews.kz
433
оқылды

15 наурыз күні сағат 22:10 шамасында Атырау қаласында атыс болғаны белгілі. Күдікті оқиға орнынан бой тасалап қашқан. Алайда жергілікті полиция департаменті күдіктіні қолға түсірді.

Ол 1993 жылғы Маңғыстау облысының тумасы болып шықты. Қазір ол  уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Айтуынша, азаматтардың арасындағы өзара келіспеушілік салдарынан атыс болған. Атырау облысы полиция департаментінің мәліметінше, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігімен тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды. Ал атыс кезінде  1995 және 1999 жылы туған 2 адам қаза тауып, 1995 жылғы азамат ауруханаға жеткізілген болатын. «Жігіттің жағдайы ауыр, яғни оқ тиген. Оқ бас сүйегін жаралаған. Оған жедел түрде ота жасалды. Қазір ол комада. Сол жақ бас сүйегіне, миына зақым келген. Қазір ол дәрігерлердің жіті қадағалауында», – деп Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.