Белгілі адамдар мемлекетке сатқындық жасады – Президент
Белгілі адамдар мемлекетке сатқындық жасады – Президент
579
оқылды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдау жариялады. Жиынға қос палата депутаттарымен қатар ресми тұлғалар, сондай Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері де қатысты. – Соңғы жылдары біз Қазақстанды түбегейлі жаңғыртуға көштік. Бұл кейбір адамдарға ұнамады. Олар заңсыз әрекеттерін жалғастыра беруді көздеді. Сол үшін өзара ымыраласып, билікті басып алғысы келді. Билікке күйе жағу үшін бейбіт тұрғындарға оқ атты. Президентті биліктен кетіргісі келді. Бірақ қастандық жасаушылардың арам пиғылы іске аспады. Мен қандай қиын сәттер болса да елмен бірге боламын деп ашық айттым, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент "Қаңтар оқиғасы" кезінде төңкеріс жасауға ұмтылғандардың арасында белгілі адамдар болғанын айтты. – Жоғары лауазым иелері мемлекетке сатқындық жасады. Олар күштік құрылымдардың заңға сәйкес қимылдауына кедергі келтірді. Мемлекет басшылығына қалалардағы ахуал туралы жалған ақпарат берді. Сатқындардың опасыздығы құқық қорғау органдарының беделіне нұқсан келтірмеуге тиіс. Онда қызмет ететін азаматтар да – өз бауырларымыз. Олар елмен бірге екенін, туған халқы үшін қасық қаны қалғанша күресетінін дәлелдеді, – деді Мемлекет басшысы.