Президенттің өкілеттігін біртіндеп қысқарта отырып, Парламенттің рөлін айтарлықтай арттыруымыз керек. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында хабарлады.
«Сол арқылы мемлекетіміздің институционалдық тұғырын нығайтамыз», – деген Қасым-Жомарт Кемелұлы азаматтардың өкілді билікке деген сенімін нығайту үшін мәслихаттарға баса мән беруді сұрады. – Олардың рөлін арттырып, дербестігін қамтамасыз ету үшін Мәслихат төрағасы лауазымын енгізген жөн. Сондай-ақ, мәслихаттардың ықпалын барынша күшейту үшін облыс әкімдерін тағайындау тәртібін өзгерту қажет деп санаймын, – деді ол.