«Сөз түзелді, баспасөз заңы да түзелсін!» – депутат Дархан Мыңбай
«Сөз түзелді, баспасөз заңы да түзелсін!» – депутат Дархан Мыңбай
327
оқылды
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында бұқаралық ақпарат құралдарының рөліне ерекше мән берілген. Сонау 1999 жылы қабылданған «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңның орнына жаңа заң әзірленетін болды. Бұл туралы Дархан Мыңбай өзінің фейсбуктегі парақшасында хабарлады. «Экономикалық, саяси-әлеуметтік реформалар іске асып, қоғамдық сана өзгерген сайын қоғамның алғы шебінен орын алатын бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысы да көп өзгеріске ұшырайтыны белгілі. Оның үстіне, бүгінде жаңа, заманауи коммуникация құралдары, ғаламдық әлеуметтік желілер жаппай іске қосылған. Сондықтан сонау 1999 жылы қабылданған «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңның орнына жаңа заң әзірленетін болды. Мұндай талап әлемде қалыптасқан ахуал жағдайында мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, идеологиялық жұмыстың пәрменділігін арттыру міндетінен туындап отыр. Соның ішінде, заң нормалары журналистердің шет елдерге, заңсыз саяси ұйымдар мен топтарға болысуын шектегені жөн және олардың астыртын жалға көніп, ұрлықы қаламақы алуына тосқауыл қоюды да қарастыруға тиіс. Яғни, елімізде сөз еркіндігі де, баспасөз үшін ортақ заң да сақталуға тиіс» – деп жазды депутат.