Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы сәуір айының соңында басталмақ
Жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасы сәуір айының соңында басталмақ
©wikipedia
314
оқылды

ҚР ИИДМ Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесе отырып, «Жасыл Даму» АҚ қаражаты есебінен Қазақстан азаматтарының жеңілдетілген несиеге жеңіл автокөліктер сатып алу бағдарламасын әзірлеп жатыр. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Елімізде өндірілген техниканы сатып алу шарттары, сондай-ақ қаржыландыру тәртібі мемлекеттік органдарда келісу рәсімдерінен өту сатысында. Сәуір айының соңына дейін барлық рәсімдерді аяқтау жоспарлануда. Бұған дейін ведомство бағдарлама шартын жариялаған еді. Ол бойынша бастапқы жарна – 0%, несие мерзімі – 7 жылға дейін, несиенің максималды сомасы – 10 000 000 теңге. ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы бойынша қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 100 млрд теңге деп жоспарланып, өңірлердегі автобустарды жаңартуға шамамен 30 млрд теңге қарастырылып жатыр.