Есеп комитеті Жоғарғы есеп палатасы болып қайта құрылады
Есеп комитеті Жоғарғы есеп палатасы болып қайта құрылады
©www.inform.kz
954
оқылды

ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Есеп комитетін Жоғарғы есеп палатасына айналдыру туралы айтты.

Қаржы министрлігінің басшысы Есеп комитетінің міндеті бюджет қаражатының сыртқы аудитін қамтамасыз ету екенін еске салды. Сонымен бірге оның функциялары үнемі жетілдіріліп отыратынын жеткізді. – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Есеп комитеті Жоғарғы есеп палатасы болып қайта құрылады. Бұл ретте парламенттік бақылау күшейтіледі. Мұндай тәжірибе кейбір дамыған елдерде бар, – деді Қаржы министрі. Оның айтуынша, бұл үшін бірқатар заңнамалық актілерге, соның ішінде Конституцияға өзгерістер енгізу қажет. Енді Жоғарғы есеп палатасының төрағасы жылына екі рет Мәжіліс депутаттарының алдында есеп беріп тұруы керек.