Әлібек Қуантыров: Жаңа облыстар жарты жылда құрылады
Әлібек Қуантыров: Жаңа облыстар жарты жылда құрылады
©www.gov.kz
639
оқылды

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың сөзіне қарағанда, жаңа облыстарды ұйымдастыру шаралары жүргізіліп жатыр.

– Президент бірінші жартыжылдықтың аяғына дейін орындауға тапсырма берген. Әрекеттер алгоритмі пысықталды. Қайта құруға түсетін облыстардың өкілдері қазір Ұлттық экономика министрлігінде жүр. Олар біздің топтармен бірге жұмыс істеуде. Аумақтық бөлініс мәселесін шешіп жатырмыз, – деді министр үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында. Ведомство басшысының айтуынша, қазір жаңа облыстарды құруға қажет қаражат есептеліп жатыр. – Бізде оған қажетті резерв бар. Қазіргі бюджеттің көлеміне сыйғызуға тырысамыз. Бірақ қажет болса, қосымша ақша бөлінеді. Өйткені жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктер пайда болады. Әкімдіктер, аудандар құрылып, штаттар саны бекітіледі. Оның бәріне резервіміз бар. Орталықтың, нақты айтқанда Мемлекет басшысының бастамасы болғандықтан, қажет болса республикалық бюджеттен қосымша ақша бөлінеді, – деді Әлібек Қуантыров.