Ұлттық экономика министрлігі Қажымұқан атындағы мемориалдың салынуын қолдамады
Ұлттық экономика министрлігі Қажымұқан атындағы мемориалдың салынуын қолдамады
Сурет: el.kz
553
оқылды

Ұлттық экономика министрлігі Түркістан облысы Ордабасы ауданында "Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы мемориалдық кешен құрылысы" жобасын қолдамады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Министрліктің хабарлауынша, мемориалдың жалпы құны 1,1 млрд теңгені құраған. Ұлттық экономика министрлігі республикалық бюджетті нақтылау кезінде құрылысқа 511,9 млн теңге бөлу туралы жобаны жариялаған.
"Бүгінде "Ауыл – Ел бесігі" жобасының басым бағыттары – білім беру (мектептерді кеңейту, балабақшалар салу), денсаулық сақтау (емханаларды жөндеу, дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер салу) және басқа да әлеуметтік нысандарды жаңғырту", – деп түсіндірді министрліктің баспасөз қызметі.
Қажымұқан Мұңайтпасұлы – қазақ балуаны, цирк артисі. Классикалық күрестен кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионаттарында бірнеше дүркін жеңімпаз атанды. Француз күресінен әлем чемпионы атағын жеңіп алған тұңғыш қазақ. Классикалық күрестен ауыр салмақтағылар арасында бірнеше рет әлемдік, ресейлік, аймақтық, одан кейін бүкілодақтық чемпионаттардың жеңімпазы атанды. 50-ге жуық марапат пен сынамасы әртүрлі медальдардың иегері.