«Нұрлы жол» вокзал кешені жанынан этно-ауыл бой көтерді
«Нұрлы жол» вокзал кешені жанынан этно-ауыл бой көтерді
412
оқылды

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлері Наурыз мейрамына орай мерекелік іс-шаралар ұйымдастырды, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Теміржолшылар елордадағы «Нұрлы жол» вокзалы жанындағы алаңда киіз үйлер тігіп, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының музыкалық және театрландырылған көрінісін көрсетті.  width=Мысалы, «Жолаушылар тасымалы» АҚ қызметкерлері бұл күні суырып салма ақындарға айналып, айтыста өнер сынады. Ал Магистральдық желі дирекциясының ұжымы қалыңдықты шығарып салу рәсімін өткізді. Сонымен қатар, этно-ауыл қонақтары мен қатысушылары ұлттық спорт түрлерінен жарысып, қолөнер шеберлерінен сабақ алды. Және де балаларға арналған ойын-сауық шаралары өтті.  width=Наурыз көктем мерекесін тойлау «ҚТЖ» ҰК» АҚ орталық кеңсесі мен барлық өңірлік бөлімшелерінде 14 наурыздан бастау алды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған мерекелеудің 10 күндік тұжырымдамасынан кейін теміржолшылар компанияда тақырыптық күндер өткізді.  width=«Табиғат күнінде» ұлттық теміржол компаниясының қызметкерлері аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізіп, жұмыс орындарын ретке келтірді. Ал оңтүстік өңірі бөлімшелерінің теміржолшылары ағаш отырғызды. «Тарих күні» танымдық оқиғаға себеп болды. Қазақстанның түрлі қалаларындағы теміржол мұражайлары 300-ден астам баланы қабылдады.  width=«Игі істер күнінде» Ақмола өңірінің жүк тасымалы бөлімшелері мен магистральдық желі қызметкерлері үй кондитерлік өнімдерінің қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды. Сатылымнан түскен қаражат эпилепсиямен ауыратын ұлымен бірге автокөлікте тұратын Көкшетау тұрғыны Эсхаджи Қадыровқа берілді. Игі іс-шаралар толқыны барлық өңірлерге тарады. Теміржолшылар дәстүрлі түрде көктем және жылу мерекесімен көп балалы аналарды, жалғыз басты зейнеткерлерді, жетім балаларды құттықтады.