ШҚО-да жүргізуші 3 баланы қағып кетті
ШҚО-да жүргізуші 3 баланы қағып кетті
Сурет: depositphotos.com
260
оқылды

Шығыс Қазақстан облысында жүргізуші кәмелетке толмаған үш баланы қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты. 

19 наурызда сағат 14:20 шамасында Шемонаихадағы Вокзальная көшесінде Nissan Skyline көлігінің 25 жастағы жүргізушісі кәмелетке толмаған үш баланы (2007, 2013, 2018 жылы туған) қағып кеткен. Оқиға салдарынан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншілер түрлі дене жарақатымен Шемонаиха аудандық ауруханасына жеткізілді. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша соталды тергеу басталған. Көлік жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалған, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Соталды тергеу жалғасып жатыр.