Боранға байланысты бірақатар жолда көлік қозғалысы шектелді
Боранға байланысты бірақатар жолда көлік қозғалысы шектелді
© inform.kz
355
оқылды
Боранға байланысты Қазақстандағы бірқатар республикалық маңыздағы жолдарда автокөлікпен сапарламау туралы ескерту жасалды, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол. Төрт облыстың аумағындағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы қиындады. Осы орайда Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстарындағы жолдар жабылды. Ақмола облысында мына жолдарда шектеу енгізілді: «Жезқазған – Петропавл» жолының 377-445 шақырымындағы Қостанай облысының шекарасы мен Державинск қаласы аралығы; «Екатеринбор-Алматы» жолының 1291-1353 шарықымындағы Жібек жолы ауылы мен Қарағанды облысы шекарасы аралығы; «Екатеринбор-Алматы» жолының 1275-1291 шақырымындағы Нұр-Сұлтан қаласы мен Жібек жолы ауылы аралығы; «Нұр-Сұлтан – Қабанбай батыр - Нұра – Теміртау» жолының 36-51 шақырымындағы Қабанбай батыр мен Қарағанды облысы шекарасы аралығы. Ақтөбе облысында жабылған жол учаскесі: «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы» жолының 12-90 шақырымындағы Ақтөбе мен Қандыағаш аралығы. Қарағанды облысы аумағында мына жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді: «Жезқазған-Петропавл» жолының 65-252 шақырымындағы Жезді мен Қостанай облысы шекарасы аралығы; «Екатеринбор-Алматы» жолының Ақмола облысы шекарасы мен Теміртау аралығы; «Екатеринбор-Алматы» жолының 1446-1457 шақырымындағы Теміртау мен Қарағанды қалалары аралығы; «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» жолының 17-217 шақырымында Қарағанды қаласы мен Қарқаралы қаласы учаскесі; «Қызылорда-Павлодар» жолының 970-1066 шақырымындағы Қараганды мен Молодежный аралығы; «Екатеринбор-Алматы» жолының 1505-1847 шақырымындағы Жұмабек пен Балқаш аралығы; «Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» жолының 51-266 шақырымындағы Ақмола облысы шекарасы – Теміртау қаласы учаскесі. Қостанай облысы аумағында жабылған жолдардың тізімі: «Жезқазған-Петропавл» жолының 340-377 шақырымындағы Арқалық пен Ақмола облысы шекарасы; «Жезқазған-Петропавл» жолының 252-340 шақырымындағы Қарағанды облысы шекарасы мен Арқалық аралығы.