«Қазгидромет» 24 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Циклон әсерінен солтүстікте, шығыста, оңтүстіктегі таулы аудандарда жауын-шашын жауады.
Еліміздің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республика бойынша жел күшейіп, тұман, көктайғақ, солтүстікте, шығыста бұрқасын соғады.
Ақмола облысының басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с, солтүстігінде, шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Павлодар облысында түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың батысында екпіні 25 м/с, солтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде көктайғақ күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с бұрқасын, күндіз көктайғақ болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде бұрқасын күтіледі, жолдарда көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-ке күшейеді.
Қостанай облысында солтүстікте жаяу бұрқасын, облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман, облыстың солтүстігінде және шығысында жел екпіні 15-20 м/с-ке күшеюі күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі, облыстың орталығында түнде, солтүстік-шығысында күндіз жел күшейеді, екпіні 18 м/с-ке жетеді.
Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі, облыстың оңтүстігінде және шығысында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.
Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман, күндіз таулы аудандарда жел 15-20 м/с-ке күшейеді.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі, таулы аудандарда жел 15-20 м/с-ке күшейеді.
Маңғыстау облысының күндіз батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с-ке жел күшейеді.
Атырау облысының батысында, шығысында және Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.