Қазақстанда жабық мекемеде маска тағып жүру талабы алып тасталды
Қазақстанда жабық мекемеде маска тағып жүру талабы алып тасталды
© kyzylorda-news.kz
285
оқылды
Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, – деп хабарлады primeminister.kz Комиссия жұмысына мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП өкілдері және өңірлердің басшылары қатысты. Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануын ескере отырып, ведомствоаралық комиссия келесі шешімдерді қабылдады: үй-жайларда міндетті маска тағу талабын алып тастау; медициналық мекемелерде (персонал, қызметкерлер, пациенттер, келушілер) медициналық маскаларды тағу міндетін өз күшінде қалдыру; адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте, ұйымдасқан ұжымдарда маска тағуды ұсынымдық сипатта қалдыру; білім беру ұйымдарында оқытудың кабинеттік жүйесіне рұқсат беру. Сондай-ақ ВАК шешімімен «Pfizer» препаратымен вакциналауға жататын адамдар контингенті кеңейтіледі, ол мынадай санаттармен толықтырылады: бастапқы вакциналаудан өтетін, осы препаратпен профилактикалық вакцина алғысы келетін адамдар; түрлі себептермен шетелге шығу үшін қайталама екпе алушылар; шетелде алған вакциналау курсын аяқтау үшін екпе алушы тұлғалар; COVID-19 вирусына қарсы ревакцина алушы барлық топтағы адамдар.