Владимир Жириновскийдің қайтыс болғаны туралы хабарлама тарады
Владимир Жириновскийдің қайтыс болғаны туралы хабарлама тарады
408
оқылды

Ресейдің либералды-демократиялық партиясының төрағасы Владимир Жириновскийдің көз жұмғаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы 25 наурызда Mash Telegram-каналы хабарлады. 

Каналдың мәліметінше, саясаткер 25 наурызда Мәскеу уақытымен 10:45-те қайтыс болған. Оның алдында ес-түссіз жатқан.

Бірер минуттан кейін Мемлекеттік дума депутаты Вячеслав Володин бұл хабарламаны жоққа шығарды.
"Владимир Жириновскийдің денсаулығына алаңдаушылық білдіргендерге айтарым, ол тірі. Оның жағдайы шынымен ауыр. Ол үшін қобалжып отырмыз. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр. Өзі мықты адам. Тез сауығып кетуін тілейікші", — деп жазды ол Telegram-каналында.