Саранда 57 жастағы кенші топырақтың астында қалды
Саранда 57 жастағы кенші топырақтың астында қалды
Сурет: Depositphotos / PongMoji
316
оқылды

Қарағанды облысындағы Саран шахтасында апат болды. Жерасты ұңғыларының бірінде топырақ үгітіліп 57 жастағы кеншіні басып қалды, - деп хабарлайды КТК арнасы

Талғат Бертагин жер астында 34 жылдан аса еңбек еткен. Наурыздың 24-і күні тәжірибелі кенші ұңғылап жатқан жердің төбесі үгітіле бастапты. Соның салдарынан жерасты жолындағы төбе тіректерінің бірі қисайып, жер опырылып түскен. Марқұм сол ауыр тіреуіштің астына бастырылып қалған. Құтқарушылар оны аршып алғанымен, кенші тіл тартпай кеткен. Қазір апат себептері анықталып жатыр.
"Қарағанды облысының бас мемлекеттік еңбек испекторының өкімімен арнайы тексеру жүргізу бойынша комиссия тағайындалды. Жазатайым оқиғаның мән-жайы, себептері арнайы тергеу-тексеру аяқталғаннан кейін айқындалады", - деді Қарағанды облысы еңбек инспекциясының баспасөз хатшысы Айзада Жұмабекова.