2022 жылғы 9 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қазақстан Ұлттық допингке қарсы күрес орталығы жарыстан тыс допинг-бақылау аясында ауыр атлетикадан ҚР Ұлттық құрама командасының спортшыларын тестілеуден өткізді, деп хабарлайды Қазақстан ауыр атлетика федерациясының ресми сайты.
Бақылау қорытындысы бойынша келесі спортшылардың сынамаларынан допинг табылды:
Әуелханов Абылай
Сон Игорь
Потасова Юлия
Чалкарова Руфина
Дроздов Алексей
Макрушин Матвей.
"Допингке нөлдік төзімділік саясатын ұстана отырып, Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы бұл оқиғаға ішкі тергеу жүргізуге ниетті", - делінген хабарламада.