Ақмола облысында жарыс кезінде мұғалім қайтыс болды
Ақмола облысында жарыс кезінде мұғалім қайтыс болды
Фото: kartinkin.net
487
оқылды

Ақмола облысында «Мұғалім – 2022» аймақтық спартакиадасы кезінде мұғалім көз жұмды.

Мұғалім Мамай ауылындағы орта мектеп директорының 43 жастағы оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болған. Ақмола облысы Білім басқармасының мәліметінше, жарысқа Біржан сал ауданының 10 мектебі қатысты. Оның ішінде, Мамай ауылының негізгі орта мектебінің командасы да бар. Жарыс волейбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, қоссайыс және ұлттық спорт ойындарының бірнеше түрінен өтті. Көз жұмған мұғалімнің спорттық жарыстарға қатысуға рұқсаты болды. Осы аймақтық спартакиадаға қатысу өтініміне сәйкес волейбол және үстел теннисі бойынша команда құрамына қабылданды.
«Волейбол ойнап жатқан кезде ол өзін жайсыз сезініп, алаң сыртына шығып орындыққа отырды. Біраз уақыттан кейін құлап, есінен танып қалды. Дәрігерлер алғашқы медициналық көмек көрсетті» делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін көлігімен оқушыны қағып кеткен мұғалім туралы жазған болатынбыз.