Түркияда Украина-Ресей келіссөзі басталды
Түркияда Украина-Ресей келіссөзі басталды
© sputniknews.ru
336
оқылды
Дәл қазір Стамбұлда Украина және Ресей делегацияларының келіссөзі басталды, – деп хабарлайды "Хабар24" Екі тарапқа ара ағайын болып отырған ресми Анкара кездесудің ақпарат құралдарының қатысуынсыз жабық форматта өтетінін ескертті. Келіссөз өтетін орынға Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанның келгені хабарланды. "Файненшл таймс" басылымы делегация мүшелеріне сілтеме жасай отырып, Ресей осыған дейін Украинаға қойып келген денацификация туралы талабын алып тастайтынын және Киевтің Еуроодаққа қосылуына келісуге дайын екенін жазды. Кремль "Украина бейтарап ұстанымда болуы тиіс" деген. Естеріңізге сала кетейік, келіссөздің бастапқы 3 кезеңі Беларусьте өткен болатын.