Ішкі істер министрлігі мен Қарағанды облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп, синтетикалық есірткі сатқан 10 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады.
Polisia.kz-тің жазуынша, аса тәжірибелі жедел тергеу тобы төрт ай бойы қылмыстық топты торуылдап, қолға түсірді.
ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының міндетін атқарушы Асқар Мұхаметқалиевтің айтуынша, ұсталғандар Қарағанды және Теміртау қаласының тұрғындары екені анықталды.
https://youtu.be/Qan6e525pVI
Олар былтыр мамыр айынан бастап осы уақытқа дейін Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, сондай-ақ, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні Telegram-дағы интернет дүкен арқылы сатқан.
Оларды тінту кезінде сатуға дайын 300 дозадан астам есірткі, шамамен 3 келі синтетикалық зат («мефедрон», «альфа-PVP»), есірткіні орау үшін қолданылатын заттар (электронды таразы, zip қалташалар) тәркіленді.
Сотқа дейінгі тергеу басталды.