Биыл ақпан мен наурыз айында ҰҚК қару, әсіресе, Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақты іздеді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.
Жаңаөзен қаласында қаруды қайта жасайтын цех жойылды. Күдікпен екі азамат ұсталды. Олардан 4 Калашников автоматы, «СКС» иір ойықты карабині және 48 патрон алынды.
Алматы облысында Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда қару-жарақ дүкенін тонауға қатысы бар деген күдікпен қылмыстық топ ұсталды. Тергеу барысында жасырын орын табылып, одан 189 патрон алынды.
Талғар ауданында жасырын орыннан 2 тегіс ұңғылы мылтық, 1 пневматикалық мылтық, 1 жарық-шу гранатасы және әртүрлі калибрдегі 27 патрон табылды. Қару «Қорған» қару дүкенінен ұрланған болуы мүмкін.
«Қазақстандықтар» ҰҚТ мүшелері 19 бірлік тегіс ұңғылы мылтықты ерікті түрде тапсырды.
Сонымен қатар Алматы өңірінің тұрғындарынан 9 бірлік қару, 274 патрон алынды.
https://youtu.be/Ndf_7qfPM-c
Таразда жасырын орыннан 1 Калашников автоматы, калибрі 5.45 мм 31 патрон, оқжатары бар 2 Макаров пистолеті, 12-калибрлі бір ұңғылы келте мылтық алынды.
Павлодар облысында 2 келте мылтық, 1 «Ф-1» гранатасы, «PTB140/2» маркалы пистолет және әртүрлі калибрдегі 70 патрон бар жасырын орын табылды.
Солтүстік Қазақстан облысында оқ-дәрі ұрлады, өткізді деген күдікпен Петропавл тұрғыны ұсталды. Одан Макаров тапаншасына 961 патрон және Калашников автоматына 741 оқ-дәрі табылып, алынды.
Түркістан облысында Жетісай ауданының тұрғынынан келте мылтық және Калашников автоматына 20 патрон алынды.
Қызылорда облысында иесіз қалған ғимараттан оптикалық көздеуіші бар «Тигр» маркалы 1 карабин және оған 17 патроны бар 2 оқжатар алынды.
Атырау облысында 12-калибрлі 2 тегіс ұңғылы келте мылтық алынды.
Заңсыз айналымнан жалпы 47 бірлік қару, 2 граната, 2398 оқ-дәрі тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеу басталды.